ФУТБОЛ
Қазақстандық төрешілер «Минск» – «Фенербахче» матчын басқарады

Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңіндегі Беларусьтің «Минск» және Түркияның «Фенербахче» командалары арасындағы матчқа тағайындалды.
Командалардың алғашқы кездесуі 26 қыркүйекте Венгрияның Мошонмадьяровар қаласындағы «Муниципальный» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Матчтың бас төрешісі қызметін Татьяна Сорокопудова атқарады. Оған Наргис Мағау мен Динара Идрисова көмектеседі.
Қосалқы төреші ретінде Латвия өкілі Елена Ермолаева тағайындалды.



