
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип қараша айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдовамен кездеседі. Ал 16 қарашада Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.
Алдағы екі ойынға дайындық үшін ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 38 футболшы енгізілді. Олардың қатарында Қазақстан Премьер-лигасында және шетел чемпионаттарында өнер көрсететін ойыншылар бар.
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар:
Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де «Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы «Астана»), Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы «Ордабасы»).
Шабуылшылар:
Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де «Қайрат»), Дастан Сәтпаев («Бернли», Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артем Литош («Шахтер»).
Кеңейтілген құрамға Англияның «Бернли» клубында ойнайтын Дастан Сәтпаев, Ресей чемпионатында өнер көрсететін Нұралы Әліп, Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек және Ислам Чесноков та шақырту алды.
Ұлттық құраманың алдағы матчтарға қатысатын түпкілікті тізімі кейінірек анықталады.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы



