
Қазақстан құрамасының үш спортшысы Гонконгта өтетін триатлоннан әлем кубогының кезеңінде ел намысын қорғайды.
Халықаралық жарыста ерлер арасында Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев және Аян Бейсенбаев бақ сынайды.
Құрама сапындағы Арлан Жаңабай биыл Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын.
Әлем кубогының Гонконгтағы кезеңі 7-8 қараша күндері өтеді.



