
Қазақстандық гимнаст Нұртан Ыдырысов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында жекелей көпсайыстың финалына қатысты.
Отандасымыз алты снарядтағы жаттығулардың қорытындысы бойынша 74,397 ұпай жинап, финалға шыққан 24 спортшының арасында 23-орынға ие болды.
Әлем чемпионы атағын жапониялық Дайки Хасимото жеңіп алды. Ол 85,998 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті. Қытайлық Ян Хаонань 84,199 ұпаймен күміс медаль иеленсе, Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер 83,531 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетеді.



