БОКСТРЕНДТЕ

Владислав Саможонов бокстан U19 әлем чемпионатын техникалық нокаутпен бастады

Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов Черногорияның Будва қаласында басталған 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз 1/8 финалда түркиялық Хакан Дениз Коскунмен кездесті.

Саможонов жекпе-жектің алғашқы раундынан бастап басымдық танытып, қарсыласына қысым жасады. Қазақстандық боксшы әр раунд сайын қарқынын күшейтіп, айқасты өз бақылауында ұстады.

Үшінші раундта төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, Владислав Саможоновтың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық боксшы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан U19 әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында жалғасады. Жарысқа 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысуда. Оның 306-сы ерлер, 168-і қыздар арасындағы бәсекеде сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button