Мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионаты Алматыда өтеді

Мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионаты Астананың орнына Алматыда ұйымдастырылады. Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) хабарлады.
Бастапқы жоспар бойынша халықаралық жарыс елордада өтуі тиіс еді. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келіссөздер нәтижесінде чемпионатты Алматыға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Төрт құрлық чемпионаты 2027 жылдың 9-14 ақпаны аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Қазақстан бұл жарысты өз тарихында алғаш рет қабылдайды.
Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар бұған дейін аталған чемпионатта бірнеше рет жүлдегер атанған. 2015 жылы Денис Тен алтын медаль жеңіп алса, 2025 жылы Михаил Шайдоров чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Сондай-ақ 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан қола жүлде иеленген болатын.



