
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы жүзуден тағы бір күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшылар 4×50 метрге еркін әдіспен жүзуден аралас эстафетада екінші орынға ие болды. Ұлттық құрама қашықтықты 2 минут 48,99 секундта бағындырды.
Бұл сайыста Қазақстан намысын Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зүлфия Ғабидуллина қорғады.
Жарыста Қытай құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Қытайлық жүзушілер эстафетаны 2 минут 25,22 секундта аяқтап, алтын медаль жеңіп алды.
Ал Таиланд құрамасы 2 минут 54,64 секунд нәтижемен үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны пара жүзуден тағы бір күміс медальмен толықты.
Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті



