КҮРЕСТРЕНДТЕ

Астанадағы күрестен әлем чемпионатына Қазақстанның 30 балуаны қатысады

24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы жарыстың барлық 30 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Елордалық додаға қатысатын ұлттық құраманың түпкілікті тізімі жарияланды. Әлем чемпионатында еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен Қазақстан атынан он спортшыдан бақ сынайды.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы:

* 55 келі – Исхар Курбаев

* 60 келі – Айдос Сұлтанғали

* 63 келі – Мейрамбек Айнағұлов

* 67 келі – Бағдат Сабаз

* 72 келі – Алматбек Аманбек

* 77 келі – Мерей Мәулитқанов

* 82 келі – Ибрагим Магомадов

* 87 келі – Нұрсұлтан Тұрсынов

* 97 келі – Ислам Евлоев

* 130 келі – Олжас Сырлыбай

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы:

* 57 келі – Мейрамбек Қартбай

* 61 келі – Асыл Айтақын

* 65 келі – Дастанбек Өсімжан

* 70 келі – Санжар Досжанов

* 74 келі – Нұрқожа Қайпанов

* 79 келі – Шамсат Таир

* 86 келі – Болат Сақаев

* 92 келі – Азамат Дәулетбеков

* 97 келі – Ризабек Айтмұхан

* 125 келі – Едіге Қасымбек

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы:

* 50 келі – Зейнеп Баянова

* 53 келі – Айнұр Әшімова

* 55 келі – Лаура Алмағанбетова

* 57 келі – Алтын Шагаева

* 59 келі – Нилуфар Раимова

* 62 келі – Ирина Кузнецова

* 65 келі – Бейбіт Сейдуәлі

* 68 келі – Ирина Казюлина

* 72 келі – Жәмила Бақбергенова

* 76 келі – Гүлмарал Еркебаева

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз жерінде өтетін әлем біріншілігінде үш күрес түрінен де толық құраммен сынға түседі. Турнир 1 қарашада мәресіне жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button