ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Бьорн Йонсен ҚПЛ сұрмергендер жарысында басты бәсекелестерінен ұзап кетті

«Ордабасы» шабуылшысы Бьорн Йонсен Қазақстан Премьер-лигасының 28-турынан кейін үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Норвегиялық футболшы «Қайсарға» қарсы кездесуде хет-трик жасап, чемпионаттағы гол санын 14-ке жеткізді. Ол қатарынан екінші турда үш голдан соғып, ең жақын қарсыласы Урош Миловановичтен үш допқа ұзап кетті.

Сұрмергендер тізімінде 11 голмен Милованович екінші орында келеді. Ал Марин Томасов пен Роман Мұртазаевтың еншісінде 10 голдан бар.

28-турдан кейінгі ҚПЛ үздік сұрмергендері:

  1. Бьорн Йонсен – 14 гол

  2. Урош Милованович – 11 гол

  3. Марин Томасов – 10 гол

  4. Роман Мұртазаев – 10 гол

  5. Оралхан Өміртаев – 9 гол

  6. Эдмилсон – 9 гол

  7. Артур Шушеначев – 9 гол

  8. Фесу Плакка – 9 гол

  9. Жасұлан Әмір – 8 гол

  10. Марк Гуаль – 8 гол

  11. Эльхан Астанов – 8 гол

Басқа жаңалықтар

Back to top button