БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында тағы бес медаль жеңіп алды

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан спортшылары тағы бес медальға қол жеткізді. Ұлттық құраманың қоржыны екі күміс және үш қола жүлдемен толықты.

Пара дзюдодан Жанбота Аманжол J2 санатында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

Садақ атудан Нұршат Төлеуқасым W1 санатындағы жекелей жарыста үшінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы қола медаль үшін өткен кездесуде Таиланд өкілі Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңді.

Жеңіл атлетикадан ядро серпу сайысында Қазақстан құрамасының екі спортшысы жүлдегер атанды. F36 санатында Дастан Мұқашбеков 15,47 метр нәтижемен күміс медаль иеленді. Ал Иван Зелезняк 12,71 метр көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады.

Пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы аралас жұптық сында қола жүлдегер атанды.

XD20 санатындағы жартылай финалда қазақстандық жұп Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді. Үш партия 7:11, 4:11 және 8:11 нәтижесімен аяқталды.

Осы нәтижелерден кейін Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарында жеңіп алған медальдарының жалпы саны 41-ге жетті. Оның 10-ы алтын, 12-сі күміс және 19-ы қола.

Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Басқа жаңалықтар

Back to top button