БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық 11 спортшы құзға өрмелеуден Азия кубогына қатысады

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында өтетін спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңінде бақ сынайды.

Халықаралық жарысқа қатысатын спортшылардың алдын ала тізімі жарияланды. Оған сәйкес, Қазақстан намысын 11 спортшы қорғайды. Оның бесеуі ерлер, алтауы әйелдер арасындағы бәсекеге қатысады.

Ерлер құрамасында Жандос Қалыбай, Матвей Есипов, Вадим Ишмухаметов, Глеб Семешкин және Азат Майкотов өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы жарыста Виктория Адаменко, Полина Андреева, Айханым Айдарханқызы, Анна Баларшина, Арина Новицкая және Аделия Утешева ел намысын қорғайды.

Қазақстандық спортшылар құзға өрмелеудің екі түрі бойынша, атап айтқанда, боулдеринг және жылдамдық дисциплиналарында сынға түседі.

Азия кубогының кезеңі 31 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар жариялаған қатысушылар тізімі алдын ала жасалғандықтан, жарыс басталғанға дейін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button