ФУТБОЛ

Қазақстан жағажай футболынан Еуролиганың А дивизионындағы орнын сақтап қалды

Қазақстанның жағажай футболынан ұлттық құрамасы Молдованың Кишинев қаласында өткен 2026 жылғы Еуролига кезеңіндегі өнерін аяқтап, элиталық А дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Топтық кезеңде қазақстандықтар үш кездесу өткізді. Алғашқы матчта ұлттық құрама Молдоваға 1:2 есебімен жол берді. Кейін Италия құрамасынан 1:12 есебімен жеңілді. Ал топтық кезеңнің соңғы ойынында Бельгиямен негізгі уақытта 3:3 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

5–8 орындар үшін өткен плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Эстонияны 7:5 есебімен жеңіп, бесінші орын үшін матчқа жолдама алды. Алайда шешуші кездесуде Украина құрамасына 3:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирді 16 команданың ішінде алтыншы орынмен аяқтады. Бұл нәтиже ұлттық құраманың келесі маусымда жағажай футболынан Еуролиганың элиталық А дивизионында өнер көрсету құқығын сақтап қалуына мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button