БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Жоламан Биғабыл Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

Финалда Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Қазақстандық спортшы шешуші кездесуге дейін Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түсті. Ал жартылай финалда индонезиялық Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

Бұл – Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі. Ол Қазақстан құрамасына каратэден алтын жүлде әкелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button