БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Азия ойындарында төртінші орын алды

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы финал аяқталды. Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орын иеленді.

Жекелей сында қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Юлиана Петрова көрсетті. Ол барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 1349 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтады. Аяна Қазбекова 1329 ұпаймен 17-орын, ал Диана Щедрова 1241 ұпаймен 18-орын алды.

Алтын медальді 1492 ұпай жинаған оңтүстіккореялық Сон Сынмин жеңіп алды. Қытайлық Чжан Минъюй 1460 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, оның отандасы У Сяояо 1447 ұпаймен қола медаль иеленді.

Командалық есепте Қытай құрамасы бірінші орынға шықты. Оңтүстік Корея екінші, Жапония үшінші орын алды. Қазақстан құрамасы жүлделі үштіктен кейінгі төртінші сатыға жайғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button