БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Алексей Луценко Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста үздік нәтиже көрсетті.

Луценко қашықтықты 41 минут 24,05 секундта жүріп өтті. Күміс медаль жапониялық Сюнсукэ Имамураға, ал қола жүлде моңғолиялық Жамбальямц Сайнбаярға бұйырды.

Бұл – Алексей Луценконың Азия ойындарындағы бесінші алтын медалі. Қазақстандық велошабандоз жекелей уақытқа жарыста қатарынан төртінші рет чемпион атанды. Ол бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Азия ойындарында осы бағдарламада жеңіске жеткен.

Сондай-ақ Луценко 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында топтық жарыстың алтын медалін иеленген. Оның еншісінде 2022 жылғы Ханчжоу ойындарының күміс жүлдесі де бар.

Бұған дейін әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста Рината Сұлтанова жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Қазақстан велошабандоздары аталған бағдарламада екі алтын медаль жеңіп алды.

Фото: Владислав Семенов

Басқа жаңалықтар

Back to top button