ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан U-19 құрамасы Словакияда үш халықаралық матч өткізеді

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словакияда өтетін Youth Nations Cup халықаралық турниріне қатысады.

Тимур Қасымов жаттықтыратын команда жарыс аясында үш кездесу өткізеді. Қазақстандық футболшылар 25 қыркүйекте Словакиямен, 28 қыркүйекте Швейцариямен ойнайды. Ал 1 қазандағы соңғы матчта Польша құрамасына қарсы алаңға шығады.

Турнирге шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Данила Буч, Бахтияр Алдашев (екеуі де – «Қайрат»), Мадияр Төлеубек («Батыр»).

Қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев, Нұралы Азатқазы (екеуі де – «Шахтер»), Данил Соболев («Тұран»), Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков, Санат Нұрболат («Қайрат»), Әлихан Жексенбек («Астана Ж»), Шыңғыс Қалиев («Кастельон», Испания), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»).

Жартылай қорғаушылар: Абылай Төлеухан, Абылай Жылқайдар, Ермұхаммад Керімхан, Төре Исмағұлов, Әлиден Мұсайыпов, Евгений Петрик, Қайсар Малаев (барлығы – «Қайрат»), Аламгир Смақов («Бешікташ», Түркия), Арафат Молдағалиев («Тұран»).

Шабуылшылар: Дәулет Орынбасар («Қайрат»), Расул Әкімов («Шахтер»).

Команданың аға бапкері – Тимур Қасымов. Оның көмекшісі қызметін Рустам Фардиев атқарады. Қақпашыларды Евгений Овчинников, ал футболшылардың дене даярлығын Рамиль Акбаров қадағалайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button