
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов пен америкалық Хесус Рамос арасындағы WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтпейтін болды.
19 қыркүйекке жоспарланған кездесудің кейінге шегерілуіне Рамостың денсаулығы себеп болған. Америкалық боксшы жекпе-жек қарсаңында ауруханаға түскен.
Мейірім Нұрсұлтанов кездесуге толық дайын болғанын және жаттығу жиынында ауқымды жұмыс атқарғанын мәлімдеді.
Қазақстандық боксшының ағасы Мерей Ақшаловтың айтуынша, тараптар жекпе-жекті алдағы бір-екі ай ішінде өткізуді жоспарлап отыр. Кездесудің жаңа күні әзірге белгіленген жоқ.



