БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Финалдық кездесуде Берульцева Таиланд өкілі Манееван Буцуванды жеңіп, алтын жүлдені иеленді.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Сауд Арабиясының өкілі Дина Мостафадан басым түсті. Ал жартылай финалда непалдық Арика Гурунгті жеңді.

Бұл – Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия ойындарында да чемпион атанған болатын.

Осыған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Жоламан Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Фото: Арлан Олжабай

Басқа жаңалықтар

Back to top button