
Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан командалық есепте қола медаль жеңіп алды.
Жекелей сында қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Темірлан Абдраимов көрсетті. Ол финалда жетінші орын иеленді. Тихон Варехин тоғызыншы, Лев Чувашов 13-орынға тұрақтаса, Кирилл Стадник жарысты 18-орынмен аяқтады.
Командалық есепте Қытай құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Оңтүстік Корея екінші орынға ие болса, Қазақстан үздік үштікті түйіндеді.
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы төртінші медалі. Бұған дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын жүлде иеленсе, триатлоншы Арлан Жаңабай қола медаль алған болатын.
Осылайша, Қазақстан қоржынында екі алтын және екі қола медаль бар.



