БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Рината Сұлтанова Азия ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста жеңіске жетті.

Сұлтанова белгіленген қашықтықты 36 минут 23,72 секундта жүріп өтіп, қарсыластарынан озып шықты.

Күміс медаль қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Ол қазақстандық спортшыдан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орын алған оңтүстіккореялық Шин Чиын чемпионнан 32,42 секундқа кеш келді.

Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейін триатлоншы Арлан Жаңабай қола жүлде иеленген болатын.

Осылайша, Қазақстан қоржынындағы медаль саны екіге жетті: бір алтын және бір қола.

Басқа жаңалықтар

Back to top button