БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Триатлоншы Арлан Жаңабай Қазақстанға Азия ойындарының алғашқы медалін әкелді

Қазақстандық триатлоншы Арлан Жаңабай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ерлер арасындағы жекелей жарыста Жаңабай қашықтықты 53 минут 11 секундта аяқтап, үшінші орын иеленді.

Алтын медаль жапониялық Ходзё Такумиге бұйырды. Ол мәреге 52 минут 56 секундта жетті. Екінші орын алған қытайлық Чжан Сижуй 53 минут 5 секунд нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Арлан Жаңабайдың қола жүлдесі Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы медалі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button