Қазақстан U-17 құрамасы Өзбекстан және Ресеймен төрт жолдастық матч өткізеді

Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы күзгі оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізіп, төрт халықаралық жолдастық кездесуге қатысады.
Қазақстандық футболшылар 25 және 28 қыркүйекте Өзбекстан құрамасымен ойнайды. Ал 2 және 5 қазанда Ресейдің жасөспірімдер құрамасына қарсы алаңға шығады. Барлық матч Шымкенттегі «Намыс» стадионында өтеді.
Оқу-жаттығу жиынына 27 футболшы шақырылды.
Қақпашылар: Абай Заманбек (ҚФФ академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Нұрсұлтан Солтанғазы («Каспий»).
Қорғаушылар: Кирилл Плачинда, Георгий Гречка, Әлихан Әбди, Ильдар Датхабаев, Ислам Рашидов, Йахья Байменов (барлығы – «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси (екеуі де – ҚФФ академиясы), Темур Султаниасов («Ордабасы»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Заречный (ҚФФ академиясы), Әмір Оспанов, Әли Садырбаев («Шахтер»), Нұрәли Бижанов («Ақтөбе»), Әлихан Ақылбаев, Дарын Ибаділдә, Нұрәли Салимов («Қайрат»), Абдулла Бәпішев («Магдебург», Германия).
Шабуылшылар: Артем Шалыгин (ҚФФ академиясы), Тамерлан Сарсымбаев, Радмир Вдовин, Роман Черноморец («Қайрат»), Әнуар Төленді («Астана»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания), Алмат Сапархан («Ордабасы»), Тимур Казанцев («Шахтер»).
Команданы Тимур Қасымов жаттықтырады.



