БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан мергендері Азия ойындарында командалық есепте алтыншы орын алды

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден 10 метр қашықтыққа пневматикалық мылтықпен ату сайысына қатысты.

Бұл бағдарламада ел намысын Александра Ле, Елизавета Безрукова және Софья Шульженко қорғады.

Іріктеу кезеңінің нәтижелері командалық есепке де енгізілді. Қазақстан құрамасы жалпы 1879,9 ұпай жинап, алтыншы орын иеленді.

Жекелей сында қазақстандық спортшылар финалға өте алмады. Александра Ле 15-орынға, Елизавета Безрукова 22-орынға, ал Софья Шульженко 28-орынға тұрақтады.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Басқа жаңалықтар

Back to top button