
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының қыркүйек және қазан айларындағы матчтарына қатысатын футболшылардың нақты тізімін жариялады. Құрамаға 28 ойыншы шақырылды.
Қазақстан осы кезеңде төрт кездесу өткізеді. 26 қыркүйекте ұлттық құрама сырт алаңда Фарер аралдарымен, 29 қыркүйекте Словакиямен ойнайды. Одан кейін 2 қазанда Молдованы, 6 қазанда Фарер аралдарын өз алаңында қабылдайды.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Қайрат»).
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).
Ұлттық құраманың бас бапкері – Джон ван ’т Шкип. Оған Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов көмектеседі, ал қақпашылардың дайындығына Юрий Новиков жауап береді.



