
Британдық кәсіпқой боксшы Хамза Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен WBO нұсқасы бойынша міндетті титулдық жекпе-жек өткізуден бас тартты.
Бұған дейін WBO Әлімханұлын екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуге міндетті үміткер ретінде бекіткен болатын. Алайда Шираз қазақстандық боксшымен кездесуге шықпайтынын мәлімдеп, чемпиондық атағынан бас тартты.
Енді WBO бос қалған чемпиондық белбеудің тағдырына қатысты шешім қабылдауы тиіс. Ұйымның шешімі 21 қыркүйекте жарияланады деп күтілуде.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы жоспарланған жекпе-жек өтпейді.



