БОКС
Абылайхан Жүсіпов бокстан Әлем кубогының ширек финалына өте алмады

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Абылайхан алғашқы кездесуін Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековке қарсы өткізген болатын.
Қазақстандық боксшы алғашқы раундтарда басымдық танытты. Алайда, үшінші раундта жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, отандасымыз жарыста өнер көрсетуін аяқтады.