Спорт Министрі | Иван Дычко алдағы айда жұдырықтасады
БОКС

Иван Дычко алдағы айда жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшының келесі кездесуіне қатысты ақпарат шыға бастады. Белгілісі – ол 27-ші желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл жөнінде жауапты промоутерлік компания мәлімдеді.

Дычко соңғы жекпе-жегін биыл тамыз айында америкада өткізді. Ол жергілікті Крейг Льюиспен кездесіп, екінші раундта қарсыластын нокаутпен жеңді. Жалпы Дычко бүгінге дейін кәсіпқой рингте 13 кездесу өткізіп, 13-інде де басым түсті. Тіпті, оның 12-сін уақытынан бұрын аяқтады. Дычконың келесі қарсыласына қатысты әзірге нақты ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бірер ай бұрын спорт порталдары қазақстандық Иван дычко мен өзбекстандық Бахадүр Жалолов кезедсуі мүмкін деген мәлімет таратты. Қос мықты әуесқой бокста 4 рет кездесіп, 4-еуінде де жерлесіміз жеңіске жетті. Қазір екеуі де кәсіпқой бокста өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button