БОКСТРЕНДТЕ

Азия ойындарында боксшыларға әлемдік рейтинг ұпайлары беріледі

Азия бокс федерациясы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында боксшыларға рейтингтік ұпай есептеу тәртібін жариялады. Жарыс нәтижелері спортшылардың World Boxing әлемдік рейтингіндегі орнына әсер етеді.

Бекітілген жүйеге сәйкес, әр салмақ дәрежесінде алтын медаль алған боксшыға 800 ұпай, күміс жүлдегерге 500 ұпай беріледі. Қола медаль иегерлері 300 ұпайдан, ал бесінші-сегізінші орындарға тұрақтаған спортшылар 150 ұпайдан еншілейді.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы бокс жарысына 11 спортшыны қатыстырмақ. Оның алтауы ерлер, бесеуі әйелдер арасындағы бәсекеде ел намысын қорғайды.

Ерлер құрамасы: Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).

Әйелдер құрамасы: Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі).

Осылайша, қазақстандық боксшылар Азия ойындарында медальдармен қатар әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартуға мүмкіндік беретін ұпайлар үшін де сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button