
30 маусым, дүйсенбі күні, қазақстандық боксшылар Астанада өтетін World Boxing Әлем кубогында алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Күндізгі сессия сағат 14:00-де басталады. Бұл бөлімде үш бірдей отандасымыз шаршы алаңға шығады. Әйелдер арасындағы екінші жекпе-жекте Назым Қызайбай (48 кг) 1/8 финалда канадалық Приянха Диллонмен жұдырықтасады. Ал төртінші жұпта Анель Сақыш (54 кг) неміс боксшысы Татьяна Обермайермен 1/16 финалда жолығады. Ерлер арасындағы сегізінші жұпта Абылайхан Жүсіпов (70 кг) қырғызстандық Алмаз Орозбековке қарсы 1/8 финалдық кездесу өткізеді.
Кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл бөлімде де екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Үшінші жұпта Виктория Графеева (60 кг) 1/8 финалда жапониялық Аяка Тагутиге қарсы жұдырықтасады. Ал бесінші жұпта Наталья Богданова (70 кг) үндістандық Санамача Чану Токчоммен кездеседі.
Барлық жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.