Осы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарға қатысады

Осы аптада спортшыларымыз бірнеше бәсекелерде бақ сынайды, деп хабарлайды sportm.kz.
28-30 сәуір: Велоспорттан Tour of Bostonlig Ladies халықаралық жарысы Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Газалкент қаласы, Өзбекстан.
29 сәуір – 1 мамыр: Ересектер арасындағы қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі Жарысқа еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180 спортшы қатысады. Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
29 сәуір – 6 мамыр: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы сапынан 5 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
30 сәуір – 6 мамыр: Мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир Бәсекеге отандық 3 спортшы қатысады. Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд. 30 сәуір – 6 мамыр: Жүзуден Acropolis Swim Open халықаралық турнирі Жарысқа ел құрамасынан 6 спортшы қатысады. Өтетін орны: Афина қаласы, Греция.
3-12 мамыр: Стенд атудан Әлем кубогі Турнирде 6 спортшымыз өнер көрсетеді. Өтетін орны: Никосия қаласы, Кипр. 4-9 мамыр: Күрес түрлеріне жастар арасындағы халықаралық турнир Турнирге Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады. Өтетін орны: Анталия қаласы, Түркия.