
Бұл туралы жекпе-жек алдында БАҚ өкілдеріне өткізген брифинг барысында айтты, деп хабарлайды, sportm.kz.
Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында Франция елінің боксшысы Анаэль Нгамиссингемен кездеседі.
Біраздан бері жекпе-жек өтпеген еді. Қуаныштымын! Біздің жанкүйерлерге «қазақ стайлды», жақсы шоуды көрсетеміз деп сенемін! — деді ол.
Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Ал Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетіп, 11-ін уақытынан бұрын аяқтаған.