Харбин 2025: Қазақстан хоккейшілері Тайландты 12:0 есебімен жеңді

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Харибиндегі Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды sportm.kz.
Бірінші матчта Таиланд құрамасымен кездескен ұлттық құрама қарсылас қақпасына жауапсыз 12 шайба соқты.
Бірінші кезеңде Қазақстан хоккейшілері төрт голмен көзге түсті. Гол авторлары Вячеслав Колесников, Роман Старченко, Руслан Оспанов және Иван Степаненко.
Екінші кезеңде Әділ Бекетаев пен Әлихан Өмірбеков есепті 6:0-ге жеткізді. Ал, үшінші шешуші кезеңде қазақстандық хоккейшілер тағы алты шайба соқты. Бұл жолы Евгений Рымарев, Андрей Буяльский, Тамерлан Гайтамиров, Артем Лихотников (екі гол) және Әділ Бекетаев көзге түсті.
5 ақпанда Болякин шәкірттері Қытай құрамасына қарсы ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның қыздар құрамасы да Гонконгты дәл осындай есеппен жеңіп кеткен болатын.