ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстанның дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан дзюдо федерациясы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады. Құрама сапына 15 дзюдошы енді.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан мен Шерзод Давлатов, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев пен Асылжан Жұбатқанов, 73 келіде Есет Қуанов пен Аңсарбек Ғайнуллин сынға түседі.

81 келіге дейінгі салмақта Жалғас Қайролла мен Абылайхан Жұбаназар, ал 90 келіде Данил Крылов Қазақстан намысын қорғайды.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева, 63 келіде Эсмигүл Куюлова, 78 келіде Аруна Жангельдина өнер көрсетеді. 78 келіден жоғары салмақта Ақерке Рамазанова мен Камила Берліқаш татамиге шығады.

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында жекелей және аралас командалық жарыстарға қатысады.

Дзюдодан әлем чемпионаты 4–11 қазан аралығында Бакуде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button