ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Алматыда Денис Теннің құрметіне халықаралық турнир өтеді

7–10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы халықаралық турнирі өтеді.
Жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады деп жоспарланған.
Турнир барысында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан, сондай-ақ мұздағы биден жүлделер сарапқа салынады. Жарыстар Halyk Arena мұз айдынында өтеді.
Денис Тен Мемориалы 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.



