ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Анкарадағы Гран-при кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы Түркияның Анкара қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының төртінші кезеңінде өнер көрсетеді.

Жарыс 17–19 қыркүйек аралығында Ümitköy Ice Skating Complex мұз айдынында өтеді. Қазақстандық спортшылар бағдарламадағы төрт санаттың барлығында сынға түседі.

Ұлдар арасындағы жекелей сында Никита Козлов ел намысын қорғайды. Қыздар бәсекесінде Сафия Абаева мұз айдынына шығады.

Спорттық жұптар сайысында Василианна Шелестова мен Абай Садықов өнер көрсетеді. Мұздағы биде Қазақстан атынан Ева Шелаева мен Иван Соловьев жарысқа қатысады.

2026/27 жылғы маусымдағы жасөспірімдер Гран-при сериясы жеті кезеңнен тұрады. Анкарадан кейін жарыстар Батуми, Любляна және Гданьск қалаларында жалғасады.

Серияның үздіктері 10–13 желтоқсан аралығында Қытайдың Чунцин қаласында өтетін финалда бас қосады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button