Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Таиландтағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті

Таиландтың Бангкок қаласында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстан атынан жарысқа Мария Сосновская мен Ералы Шахимурат қатысты.
Қыздар арасындағы жекелей сында Мария Сосновская қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 127,71 ұпай жинап, 18-орынға тұрақтады.
Бұл бәсекеде 205,73 ұпай жинаған Ресей өкілі София Дзепка жеңімпаз атанды. Жапониялық Сумика Канадзава 202,79 ұпаймен екінші, канадалық Лиа Чо 192,75 ұпаймен үшінші орын алды.
Ұлдар арасындағы жарыста Ералы Шахимурат екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 138,91 ұпай жинап, 18-орын иеленді.
Бірінші орынды 260,90 ұпаймен ресейлік Лев Лазарев алды. Жаңа Зеландия өкілі Янхао Ли 244,68 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, Таиланд спортшысы Хиро Каевтатхип 229,51 ұпаймен қола медаль иеленді.



