ҚЫСҚЫ СПОРТ
Алина Дауранова Әлем кубогында топ жарды

Дәл қазір Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода өтіп жатыр.
Қазақстандық Алина Дауранова 3 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 1000 метрлік бәсекеде ең үздік нәтиже тіркеп, алтын жүлдегер атанды. Командалық спринтте же алдында жан салмай, қоржынымызға тағы бір алтын медаль салды. Ал, 500 метрлік қашықтыққа жарыста мәре сызығын енкінші болып кесті. Яғни, күміс жүлде иеленді. Бұл сында алтын медальды венгриялық Ханна Биро жеңіп алса, үздік үштікті италиялық Мэйбрит Вигль түйіндеді.