Спорт Министрі | Е-SPORT платформасы іске қосылады
МӘСЕЛЕТРЕНДТЕ

Е-SPORT платформасы іске қосылады

Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық бағдарламасы үш бағытты қамтиды. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Айта кетейік, Е-SPORT цифрлық платформасын жасау негізі 2020 жылы қолға алынған. Бірақ, өкінішке орай, белгісіз себептермен бастама аяқсыз қалды. Нәтижесінде министрлік Қазақстандағы спорттың жай-күйі туралы толық деректерді біле алмай отыр. Жарыс жүлдегерлерінің, спорт ғимараттарының, секциялар мен жаттықтырушылардың бірыңғай есебін жүргізу қиын.

Спорт Министрі | Е-SPORT платформасы іске қосылады

Цифрландырудың болмауы жалған спорттық атақтар беруге де ықпал етеді. Бұған қоса, ішкі іріктеудің ашықтығына қатысты сұрақты көбейтеді. Аталған факторлардың салдары оқу-жаттығу жиындары шығындары мен спорт объектілерін жалға алудың жалғандығымен, легионерлерге еңбекақыны асыра бағалаумен және қосарланған қаржыландырумен ұштасқан бюджет қаражатының бақылаусыз игерілуіне алып келеді.

«Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында Министрлік пилоттық режимде негізгі 3 модульді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электрондық күнтізбесі және объектілердің тізімі» — деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button