КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар алыш күресінен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үш медаль жеңіп алды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында алыш күресінен жарыстар аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары үш қола медаль иеленді.

2 қыркүйекте өткен бәсекеге әлемнің 39 елінен 121 спортшы қатысты. Алыш күресінен жүлделер классикалық және еркін стиль бойынша сарапқа салынды.

Классикалық стильде 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан өкілі Қалмұхан Тұрмаханбет қола медаль жеңіп алды. Бұл салмақта ресейлік Илфат Мингалиев бірінші, қырғызстандық Роман Сапаров екінші орынға ие болды. Ирандық Аболфазл Хейдаримен де қола жүлдегер атанды.

Еркін стильде Қазақстан қоржынына тағы екі қола медаль түсті. 60 келіге дейінгі салмақта Жандос Әбубәкіров үшінші орын алды. Алтын жүлдені қырғызстандық Баяман Абидинов, күмісті түрікменстандық Абдурасул Дурдиев иеленді. Польшалық Игор Бласзак та қола жүлдеге ие болды.

100 келіден жоғары салмақта қазақстандық Нұрсұлтан Қожағелді қола медаль жеңіп алды. Бұл салмақта Түрікменстан өкілі Нұрмұхаммед Байдогдиев чемпион атанса, қырғызстандық Ахрорбек Абдукаимов екінші орын алды. Моңғолиялық Ныямсерен Амбаланбаатар да үшінші орыннан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алыш күресінен жарысты үш қола медальмен аяқтады.

Жарыс жеңімпаздарына 150 мың сом, екінші орын иегерлеріне 100 мың сом, ал қола жүлдегерлерге 80 мың сом көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button