ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы 300 шақырымдық ат марафонында көш бастады

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы «Көчмөндөр жүрүшү» халықаралық ат марафонының алғашқы кезеңі аяқталды.

Жарыстың бірінші күнінде қатысушылар жалпы 300 шақырымдық қашықтықтың алғашқы 50 шақырымын жүріп өтті. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады.

Екінші орында Қырғызстанның «Ала-Тоо» командасы келе жатса, үздік үштікті осы елдің «Ыстықкөл» командасы түйіндеп тұр.

Алда қатысушыларды тағы 250 шақырымдық қашықтық күтіп тұр.

Айта кетейік, жалпы қашықтығы 300 шақырымды құрайтын халықаралық ат марафоны Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасында алғаш рет өткізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button