Қазақстан құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысады

Қытайдың Гуйян қаласында өтетін спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Құрлық біріншілігінде U19 және U17 жас санаттарында жүлделер сарапқа салынады.
U19 жас санатында Қазақстан намысын Евгений Ким, Матвей Павлов, Глеб Семёшкин, Дмитрий Ананьев, Әлихан Татамбай, Рашид Хайбуллин, Роман Курассов, Алексей Стребков, Кымсан Цой, Яна Войтович, Лейла Геккеева, Виктория Ильницкая, Амира Қайсар, Ралина Абдулова, Арина Новицкая және Алина Львова қорғайды.
U17 жас санатында Егор Некрещенный, Евгений Корнеев, Арсений Тен, Давид Кононов, Вадим Сагинтаев, Арина Панченко, Анна Семёшкина, Валерия Лизанец, Анастассия Выродова, Таиссия Носкова, Амели Аскарова және Анастассия Андриенко бақ сынайды.
Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында «жылдамдық», «қиындық», «боулдеринг» және эстафеталық сайыс бағдарламалары бойынша жарысқа қатысады.
Айта кетейік, құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 21–25 тамыз аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.



