ҚЫСҚЫ СПОРТ
Биатлоннан Әлем кубогы: қазақстандықтардың жекелей жарыстағы көрсеткіштері белгілі болды

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі жалғасуда. Бағдарлама бойынша әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей жарыс өтті.
Жарыстың жеңімпазы италиялық Доротея Вирер атанды. Финляндия биатлоншысы Соня Лейнамо екінші орынға ие болды. Үшінші нәтижені франциялық Камилле Бенед көрсетті.
Қазақстан құрамасының спортшылары бұл сыннан төменгі орындардан көрінді:
– Ольга Полторанина — 94-орын
– Айша Ракишева — 98-орын
– Полина Егорова — 99-орын
Әлем кубогы кезеңіндегі жарыстар жалғасады.



