ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстандық биатлоншылар Швециядағы Әлем кубогының алғашқы жарыстарында бақ сынады

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр. Бағдарлама бойынша өткен төрт эстафетаға Қазақстан құрамасының спортшылары қатысты.
Ерлер эстафетасы:
Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев және Вадим Куралес 14-орын алды.
Әйелдер эстафетасы:
Ольга Полторанина, Милана Генева, Айша Ракишева және Полина Егорова 21-орынға тұрақтады.
Аралас жекелей эстафета:
Владислав Киреев пен Милана Генева 15-нәтиже көрсетті.
Аралас командалық эстафета:
Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Полина Егорова және Айша Ракишева 23-орынға ие болды.
Айта кетейік, кезең аясында алда жекелей сын, спринт және із кесу жарыстары өтеді.



