Спорт Министрі | Денис Тен мемориалы: мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова ырғақты биде өнер көрсетті
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Денис Тен мемориалы: мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова ырғақты биде өнер көрсетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілдері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында мұз айдынына шықты.

Отандастарымыз мұздағы би сайысында ел намысын қорғауда.

3 қазанда Датиев пен Наурызова ырғақты биде өнер көрсетті. Нәтижесінде 50,56 ұпай жинап, аралық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Ырғақты биден кейін Диана Дэвис пен Глеб Смолкин (Грузия) 77,94 ұпаймен көш бастады.

Еркін би бағдарламасы 4 қазанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button