ҚЫСҚЫ СПОРТ
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы анықталды

Алдағы олимпиадалық маусымға арналған Қазақстанның шорт-трек құрамасы белгілі болды. Құрам жасақтау Астанада өткен ел чемпионатының нәтижелері бойынша жүргізілді.
Ұлттық құраманың сапына енген спортшылар: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Нұртілек Қажғали, Мерсайд Жақсыбаев, Малика Ермек, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан және Алина Әжғалиева.
Бұл спортшылар 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін төрт кезеңнен тұратын әлемдік іріктеу турына қатысады.