ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Қазақстан көк бөріден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден күміс медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандықтар жарыс қожайыны Қырғызстан құрамасына 0:12 есебімен есе жіберді.

Топтық кезеңде Қазақстан В тобында Тәжікстан және Мажарстан құрамаларымен бірге өнер көрсетті. Алғашқы кездесуде ұлттық құрама Тәжікстанды 16:3 есебімен жеңді.

Мажарстанмен жоспарланған матч өткізілген жоқ. Қарсыласқа 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылып, Қазақстан өз тобында бірінші орынмен финалға шықты.

Чолпон-Атадағы шешуші кездесуде Қырғызстан құрамасы алғашқы таймды 4:0 есебімен аяқтады. Алаң иелері екінші таймда да басымдығын арттырып, есепті 8:0-ге жеткізді. Соңғы бөлікте қырғызстандықтар тағы төрт салым жасап, матчты 12:0 есебімен аяқтады.

Осылайша, Қырғызстан көк бөріден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанса, Қазақстан күміс медаль иеленді.

Қола жүлде Ресей құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ресейліктер Тәжікстанды 3:0 есебімен жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button