Спорт Министрі | Евгений Кошкин – Әлем Кубогінің жеңімпазы
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Евгений Кошкин – Әлем Кубогінің жеңімпазы

Қазақстандық конькимен жүгіру шебері Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен дүниежүзілік додада ең үздік нәтиже тіркеді.

Ол 500 метрлік бәсекеге қатысып, аталған аралықты 34,46 секундта жүріп өтті. Осының арқасында алтын жүлдегер атанды. Евгений осының алдында Польшада өткен Әлем Кубогында да жеңіске жеткен болатын. Яғни, тұрақты жоғары деңгейде сырғанап жүр.

Айта кетейік, Евгений Кошкин жуырда Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия Ойындардын да сәтті өнер көрсетіп, 100 метрлік жарыста күміс жүлде жеңіп алған болатын. Алдағы жылы Италияның Милан қаласында қысқы олимпиада өтеді және отандық мамандар дәл осы Кошкин үлкен үміт күтіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button