ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Елдос Сметов Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сметов Жапония өкілі Хаято Кондомен белдесті. Шешуші кездесуде жапониялық спортшы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, Елдос Сметов Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады. Бұл – қазақстандық дзюдошының құрлықтық додадағы екінші медалі.

Еске салайық, Елдос Сметов 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді.

Фото: Сали Сабиров

Басқа жаңалықтар

Back to top button