ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Будапешттегі халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан құрамасының екі спортшысы Венгрияның Будапешт қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирде өнер көрсетеді.
15-18 қазан аралығында ұйымдастырылатын жарыста ел намысын Никита Кривошеев пен Зере Сарбалина қорғайды.
Никита Кривошеев ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан сынға түссе, Зере Сарбалина әйелдер арасындағы бәсекеге қатысады.
Айта кетейік, Зере Сарбалина бұған дейін Алматыда өткен Денис Тен мемориалында өнер көрсетіп, 108,73 ұпаймен 18-орын алған болатын.
Будапешттегі халықаралық турнир 18 қазанда аяқталады.



