ФУТБОЛ

Қазақстандық төрешілер Мальта – Лихтенштейн матчын басқарады

Қазақстандық төрешілер бригадасы Мальта мен Лихтенштейн құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге тағайындалды.

Матч 27 қыркүйекте Мальтаның Та-Кали қаласындағы «Ұлттық» стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 21:30-да басталады.

Кездесудің бас төрешісі қызметін Данияр Сахи атқарады. Оған Самат Тергеусізов пен Сергей Калачев көмектеседі.

Қосалқы төреші ретінде Мальта өкілі Алекс Джонсон тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button